Еурокомиссия мен Болгария газ бойынша аймақтық жұмыс тобын құруға келісті

Жаңа құрылым энергия ресурстарын сатып алудың еуропалық тұғырнама жұмысының негізінде әрекет етпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл топ газ бен электр қуатын бөлу, тарату, баға белгілеу, сұранысқа жауап беру және инфрақұрылым мәселелерін қарайды. Бұл туралы Болгария вице-премьері, қаржы министрі Асен Василев Еуроодақ басшылығымен кездесуден кейін мәлімдеді.

Айта кетейік, аталған елге жылына 3 миллиард текше метр газ керек. Бұған дейін көгілдір отынның 90 проценттен астамы Ресейден келетін. София газ үшін ақыны рубльмен төлеуден бас тартқан соң Кремль басқа жол іздей бастады. Еурокомиссия мәліметі бойынша жаңадан құрылған аймақтық жұмыс тобының алғашқы министрлік кездесі 5 мамырда өтуі тиіс.

Асен Василев, Болгария вице-премьері, қаржы министрі:

- Біз Ресейден келген газ жеткізілімін толық оңтүстік дәлізге ауыстыра аламыз. Сондай-ақ сұйытылған табиғи газды Грекия мен Түркия арқылы да алдыруға болады. Қазір бұл жоспар іске аса бастады. Брюссельде Болгария ғана емес, бүкіл аймақ бойынша мақсатты топ құрылады. Осылайша газ сатып алуда басқа елдермен бірігеміз.