Ердоған Швеция мен Финляндияға шарт қойды

Ердоған НАТО-ға кіруге өтініш берген Швеция мен Финляндияға шарт қойды.

Стокгольм бұл үшін бірінші кезекте ресми Анкара "қара тізімге" қосқан "Күрдістанның жұмысшы партиясын" террористік ұйым деп тануға тиіс. Сондай-ақ Түркияға қару-жарақ экспорттауға салынған тыйым алынуы керек. Бұл туралы Ердоған швед премьер-министрі Магдалене Андерссонға телефонмен сөйлескен кезде айтты. Экстремистік күштермен күреске қатысты талабын түрік басшысы Финляндия президенті Саули Ниинистёге де жеткізді.

Ердоғанның айтуынша, Хельсинкидің бұл бағыттағы жұмысы жеткіліксіз. Айта кетейік, Швеция мен Финляндияны қатарына қабылдауға НАТО басшылығы ниет білдіргенімен бұған әскери одақтың белді мүшесі Түркия қарсылық танытып отыр.