478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та алты айдан асқан балалар коронавирусқа қарсы егіледі

  • 181
  • UPD: 17:24, 22.06.2022
АҚШ-та алты айдан асқан балалар коронавирусқа қарсы егіледі

АҚШ-та алты айдан асқан балаларға коронвирусқа қарсы екпе салдыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иммунизациялау шарасына Moderna вакцинасының екі дозасы, ал Pfizer-дің 3 дозасы қолданысқа енгізілді. Жергілікті билік препараттардың таңдауын әлі де арттыратынын хабарлайды. Жалпы елде жүргізілген сауалнамаға сәйкес 5 жасқа дейінгі баласы бар әр бесінші ата-ана баласының ковидке қарсы екпе қабылдауын құп көреді. Қазір АҚШ-та 5 жасқа толмаған бүлдіршіндердің саны 20 млн шамасында. Ал олардан ересек балалар өткен жылы егілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы