Ресейде ұшақ құлады

Ресейдің Рязань қаласындағы ұшақ апатынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 5 тұрғын ауруханада жатыр. РЕН ТВ арнасының мәліметі бойынша әуеде ұшып келе жатқан Ил-76 ұшағында өрт шыққан. Әуе көлігі біраз уақыттан кейін жерге қонғанда жанып кеткен. Қазір мамандар оқиға орнында өз жұмысын жалғастырып жатыр. Апаттың нақты себебі анықталуда.