Аргентина валютасы 11% құлдырады

Аргентина да дағдарыстан ес жия алмай тұр. Инфляция деңгейі еселеп артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Песоның «қара нарықтағы» бағамы 11 процентке құлдырады. Мемлекеттің сыртқы қарызы да өскен. Жағдай қиындаған соң президент экономика министрін қызметінен алып, орнына жаңасын тағайындады.

Карина Олартес, қаржы сарапшысы:

Ел экономикасы кері кетті. Болашағымыз бұлыңғыр. Ертеңге деген сенім азайды. Қай жолды таңдарымызды білмей, дағдарып тұрмыз. Министр өзгергенімен, жағдайымыз оңала қоймас.