Аргентина шекарасында үш мыңға жуық көлік тұрып қалды

Аргентина мен Чили шекарасында қарлы боран соғып, 3 мыңға жуық жүк көлігі тұрып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта өткен аптаның соңында күн күрт суытқан. Жапалақтап жауған қардан жүргізушілер таудағы асудан 5 күннен бері өте алмай тұр. Жергілікті метерологиялық қызметтің мәлімдеуінше, сынап бағанасы минус 11 градусқа дейін төмендеген. 

Мен Уругувайданмын. Бұл жерге өткен жексенбі күні келген едік. Содан бері жол жабылып, жүре алмай тұрмыз. Басында қиын болды, қазір біраз суыққа етіміз үйреніп қалды.