NASA: екі ғарышкер миссияны сәтті аяқтады

Италия ғарышкері Саманта Кристофоретти мен оның ресейлік әріптесі Олег Артемьевтың ғарыштағы экспедициясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еуропалық ERA манипуляторына арнайы адаптер орнату үшін халықаралық ғарыш кемесінен шығып, ашық кеңістікте 6 сағаттай жұмыс істеді.

Айта кетейік, Саманта Кристофоретти үшін бұл – екінші, ал Олег Артемьев үшін бұл – үшінші экспедиция. Өткен аптада Роскосмостың бұрынғы басшысы Дмитрий Рогозин «ашық кеңістіктегі монтаждау жұмысын тоқтатамыз» деп еуропалықтарға сес көрсеткен еді. Алайда көп ұзамай Ресей президенті оны қызметінен босатып, орнына Юрий Борисовты тағайындады. Қазір ғарыш айлағында Ресейдің үш ғарышкерінен бөлек, Американың үш астронавты мен италиялық Саманта Кристофоретти бар.