Moderna компаниясы бәсекелестерін сотқа берді 

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеген Модерна компаниясы өзінің басты бәсекелестері саналатын Pfizer мен BioNTech-ті сотқа берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі әлгі екі мекеме өз вакциналарын әзірлеу кезінде «Модернаның» технологиясын көшірді деп айыптап отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, Pfizer мен BioNTech-тің Comirnaty вакцинасы «Модернаның» осыдан бірнеше жыл бұрын иеленген патент құқығын бұзады. Осыған байланысты фармацевтикалық алпауыт жуырда АҚШ-тың федералды сотына шағым түсірді.

Сондай-ақ...