Иракта шеру кезінде қаза тапқандар саны артты

Бағдаттағы шеру кезінде қаза тапқандар саны тағы да артты.

Осы уақытқа дейін 30 адамның мерт болғаны белгілі болды. Тағы жүздеген азамат жарақат алған. Бұл туралы "Ассошиэйтед Пресс" агенттігі хабарлады. Естеріңізде болса, кеше шииттердің ықпалды саясаткері Муқтада ас-Садрдың отставкаға кететіні туралы жазбасынан кейін жүздеген адам шеруге шығып, "Республика" сарайын басып алған еді. Осыдан соң билік бүкіл ел аумағында коменданттық сағат жариялады. Аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты көрші Иран шекарасын жапты.

Сондай-ақ...