OPEC+ елдері мұнай өндіру көлемін азайтуға келісті

"ОПЕК Плюс" елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 2 миллион баррельге азайтуға келісті.

Бұл Венада өткен кездесу қорытындысы бойынша қабылданған шешім. Тиісті талап келесі айда күшіне енеді. Сарапшылар соның арқасында әлемдік нарықта бағаны ұстап тұруға болатынын айтады. Кейінгі тоқсанда қара алтын құны айтарлықтай арзандаған. Оған экономикалық құлдырау және Америкадағы пайыздық мөлшерлеменің артуы себеп. АҚШ болса мұнайды өндірудің қазіргі көлемін сақтап қалуды талап етуде. Өйткені көрсеткіштер азайса, елде жанармай бағасы тағы да қымбататуы мүмкін деген болжам бар.