Мұздықтар жылдам еріп жатыр

Климаттың өзгеруіне мәңгілікке мызғымастай көрінетін мұздықтар да төтеп бере алмай жатыр.

Альпі тауларындағы ақ құрсау рекордтық жылдамдықпен еріп жатыр. Тек биылдың өзінде Швейцариядағы мұздықтар өз массасының 6 пайызын жоғалтқан. Мұндай көрсеткіш 2003 жылдан бері болмаған. Осыған байланысты мамандар алаңдаушылық білдіруде. Олардың айтуынша, егер әлем елдері парниктік газ шығарындыларын азайтпаса, 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80 пайыздан астамы еріп кетеді.