Кореяда жүк көлік жүргізушілері жұмысқа шығатын болды

Оңтүстік Кореяда жүк көлік жүргізушілері бірнеше аптадан бері жалғасып келе жатқан ереуілді тоқтатып, жұмысқа оралатынын мәлімдеді.

Жұмысшылар кәсіподағының хабарлауынша, шешімді шараға қатысушылардың 61 проценті қолдаған. Бірақ басқалары ең төменгі жалақы көлемін орнату үшін күресін жалғастыра беретінін айтады. Оңтүстік Кореяда алыс жолға қатынайтын жүк көлік жүргізушілерінің ереуілі қарашаның 24-і күні басталған. Наразылық шарасына 22 мыңнан аса адам қатысты. Салдарынан құрлықта тауар тасымалдау саласы тұралап, ел экономикасына кері әсерін тигізе бастаған.