Германия мен Хорватияда қарлы боран

Германия мен Хорватияда қарлы боран

Еуропаның бірқатар елінде  қарлы боран соқты. Германияның оңтүстік-батысында көлік жүргізушілері қар құрсауында қалып отыр.

Жергілікті әкімшіліктер, қаларалық ірі жолдарды тазартып үлгермей жатыр. Салдарынан автомагистарльдар жабылып, адамдар әбігерге түсті. Әсіресе, Саар қаласында жағдай қиын. Мұнда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен. Полицияның деректеріне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығынан ондаған жол апаты тіркеліп, 8 адам зардап шекті.

Хорватияда да жағдай мәз емес. Мұнда тұман, көктайғақ, екпінді жел күшейіп, көліктер жол ортасында  тұрып қалды. Қарлы боран Лика мен Далмация қалаларына ауыр соққы берді. Ақпарат көздері, кей аудандарда ағаштар құлап, көліктер қирағанын хабарлайды.