БҰҰ Ауғанстанға көмек көрсетуді мәселесін талқылады

БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру мәселесін талқылады. Оған тәліптердің өткен желтоқсан айында әйелдерге халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеуден кейін елдегі бірқатар агенттік жұмыстарын тоқтатқан. Ал кей елдер енді мұндай орындарда тек ер адамдардың қызмет ететіне алаңдаулы. Бұл тәліптердің әрекетін қолдағанды білдіріп қана қоймай, елде зорлық-зомбылықты күшейтеді деп отыр.

Джеймс Кариуки, БҰҰ-дағы Ұлыбритания тұрақты өкілінің орынбасары:

- Біз тәліптерге әйелдердің қатысуынсыз гуманитарлық көмек жеткізу қиындайтынын ескертуіміз керек. Себебі Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал үшін халықаралық ұйымдар емес, солар жауапты.