Қытайдың Хунань провинциясындағы отшашу шығаратын зауытта жойқын жарылыс болды. «Рейтер» агенттігінің дерегі бойынша, 21 адам мерт болды. Тағы 61-і жараланды.
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 2700 адамға жетті. Тағы 8 мыңнан астамы жараланған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.