Іздеу

WP: Трамптың рейтингі құлдырады

Дональд Трамптың рейтингі құлап жатыр. Бұл жолғы сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 62 пайызы АҚШ президентінің жұмысына көңілі толмайтынын білдірген.

Германия әскери резерв жасақтайды

Германия әскери резерв жасақтамақ. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды. Бундесвер, яғни Германияның қарулы күштері арнайы сауалнама жүргізіп, оны 200 мың адамға жолдаған.

БАӘ тағы бір мұнай ұйымынан шықты

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен кейін Мұнай экспорттаушы араб елдерінің ұйымынан да шықты. Ел билігі бұл туралы аталған альянстың Кувейттегі штаб-пәтеріне ескерту хат жолдаған.

Ормуз бұғазындағы ахуал ушығып тұр

АҚШ Ормуз бұғазына жоласа, Иран да қарап отырмақ емес. Мұнысын оқ атпау режимін бұзуға балап отыр. Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусы сауда кемелеріне ескерту жасады.

Мұнай нарығындағы дүрбелең

Мұнай төңірегінде дүрбелең басталды. Өйткені Біріккен Араб Әмірліктерінің ОПЕК құрамынан шығуы себепті, біраз елдің аңтарылып қалғаны рас.

Д. Трамп: Ормуздағы кемелерді босатамыз

АҚШ Ормузда қаңтарылып тұрған кемелерді құтқару операциясын бүгін бастайды. Әлеуметтік желідегі ресми парақшасына Президент Трамп осындай жазба жариялады.

Газада 371 мың үй қираған

Газа секторының экономикасы 84 пайызға құлдырады. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Сонымен қатар анклавта 371 мыңнан астам үй жермен жексен етілді.

Филиппинде Майон жанартауы оянды

Филиппинде Майон жанартауы атқылай бастады. Осыған байланысты билік қауіп-қатердің үшінші деңгейін жариялап, Лусон аралының оңтүстік-шығысындағы елді мекендердің тұрғындарын көшіріп жатыр.