425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық фильм Францияның 21 қаласында көрсетіледі

  • 180
  • UPD: 17:49, 30.07.2021

Қазақстандық Ерлан Нұрмұхамбетов және жапон режиссері Лиза Такэба бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол бұл елдің 21 қаласында көрсетіледі. Жергілікті көрермендер мен киносыншылар бұл туындыны жылы қабылдады. Былтыр аталған фильм Жапонияда прокатқа шыққан болатын. Осыдан екі жыл бұрын түсірілген фильм пандемияның кесірінен дер кезінде үлкен экрандарға шыға алған жоқ. Франциядағы тұсаукесер үш мәрте кейінге шегерілді. Алайда прокатпен айналысатын компаниялардың бұл картинаға қызуғышылығы жоғары болып, олар кинозалдар ашылғаннан кейін тұсаукесерін ұйымдастырды. Биыл күзде Барымташыларды қазақстандықтарға да көрсетіледі.

Ян Каку, «Asc distribution» компаниясының дистрибуция жөнінде директоры:

Фильм көрсетуді шешкенде, ешбір тәуекелге барған жоқпыз. Ол бізге бірден қатты ұнады. Әрине прокатқа фильм шығарғанда үнемі тәуекелге бел буасың. Алайда Франция көрермендері осындай фильмдерге қызығатынын білеміз. Ал түсірілген керемет пейзаждарын көргенде, тәуекел туралы ойламайсың, бірден сүйсінесің.

Юлия Ким, «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмінің продюсері:

Қазақстанда да көрсету жоспарымызда бар. Бұл – біздің ең басты мақсатымыз. Бәрі ойдағыдай болса, биыл күзде прокатқа шығарамыз. Әрине, мұны асыға күтіп отырмыз.

Басты рөлін сомдаған Мәди Мінайдаровтың актерлік шеберлігі француз сыншыларын таң қалдырды. Сондай-ақ өзге басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Ол әдейі осы кино үшін ат шабуды үйреніп, қазақша сөйлейтін болды. Франция көрермендеріне Қазақстанның әсем табиғаты үлкен әсер қалдырды.

Бенуа Лельевре, продюсер, сценарист:

Бұл өте қызық фильм деп санаймын. Көргің келіп тұратын нағыз кино. Бұл Орталық Азия көрінісі болғанымен, батыс вестерндеріне тән белгілері бар. Бұл расында вестер, бірақ шығыста түсірілген. Осындай әртүрлі жанрлардың үйлесуінде нағыз көркемдік құндылық жатыр. Маған бұл өте ұнады.

 

Хабар 24 телеарнасы