Қ.Көшербаев: Абай – еліміздің рухани тірегі

Абай – еліміздің рухани тірегі. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев осылай деді.

Бүгін елордадағы Абайдың ескерткішіне гүл қойылып, тағзым жасалды. Атап өтейік, Үкіметтің қаулысымен былтыр 10 тамыз Абай күні болып белгіленген еді.

«Тірісінде ақиқатты, әділдікті жақтап, ғылымды ту көтерген, соңына жақұттай жарқыраған қазына қалдырған тұлғаға қатысты дүниелердің ешқайсысына біз немқұрайлы қарамауымыз керек. Бұл тұрғыдан келгенде қоғамда оның туған күніне қатысты екіұдай пікірдің болуы, екі түрлі датаның аталуы бізді қынжылтатын. Сондықтан тамыздың онын Абай күні деп белгілеу, осынау екі-ұшты пікірге нүкте қойды», - дейді, зиялы зауым өкілдері.