Дубайдан келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Дубай-Алматы рейсімен келген қазақстандық вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол дәрігерлер бақылауына алынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі хабарлады. Ал кеше Қазақстанға ұшақпен 811 жолаушы жеткен. Олардың 150-і елге қайтар кезде коронавирус бар-жоғына тексерілмеген. ПТР анықтамасы жоқ азаматтар Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайында анықталды. Олардың барлығы карантиндік стационарға орналастырылды.

Сондай-ақ...