Елімізде коронавирус жұқтырған 299 адам ауыр халде жатыр

Қазіргі уақытта елімізде 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 299 адамның жағдайы ауыр;
• 45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.