Петропавлда әуежайдың қазандықтары істен шықты

Петропавл әуежайында жолаушылар жылынар жер таппай әлек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешеннің бірнеше қазандығы істен шыққан. Ғимарат ішіндегі температура шамамен небәрі 7-8 градусты ғана көрсетіп тұр. Күн суытса, тағы төмендейді. Стратегиялық нысан қазір бір ғана пешпен жылытылады. Қазандықты жөндеуге Қытайдан арнайы мамандар келген. Алайда олар кепілдіктегі қондырғылардың іске жарамайтынын айтқан. Тек жаңасына ауыстыру қажет. Ал бұл жұмыстар жақын күндері іске аспайды. Себебі аэропорт банкротқа ұшырап, қазір оны жергілікті әкімдіктің меншігіне өткізу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік осыдан 4-5 жыл бұрын мұнда күрделі жөндеу жүрігізіліп, ұшып-қону жолағы мен жолаушылар терминалы жаңартылған болатын.

Мәди Мәжітов, «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ президенті:

– Осындай күрделі мәселе әуежайымызда орын алып отыр. Оған себеп үш өндірістік пешіміздің екеуі істен шығып отыр. Осы мәселені облыстық әкімдік біліп отыр. Мүмкіндігінше қолдап отыр. Мемлекеттік сатып алу арқылы шешілетін сұрақ. Бір күн, бір аптаның ішінде шешлетін мәселе емес.