ШҚО-да лауазымын пайдаланып, алаяқтыққа барған бастыққа қатысты сот шешімі шықты

Шығыс Қазақстан облыстық индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы бастығына қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қызметтік лауазымын пайдаланып алаяқтық жасады деп айыпталған. Яғни өлкедегі инжениринг компания директорынан технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттар жасасуға қамқорлық көрсету үшін 7 млн теңге сомасында заңсыз қаржы алған. Енді шенеунік үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Жігер Байділдин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Ол үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жаза тағайындаумен сотталды.