Қызылордада 340 адам вакцина салдырды

Қызылорда қаласында COVID-19 жұқпасына қарсы екпе жұмыстары қарқынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкері болса, қалған 20-сы ерікті түрде екпе салдырғандар. Қаладағы №6 емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова ерікті түрде екпе алғандардың бірі. «Вакцина салдырғаннан кейін денсаулығымда еш өзгеріс болған жоқ» дейді.

Ләззат Байтабынова, аға мейірбике:

- Тұрғындармен жиі қатынасқа түсетіндіктен, медицина қызметкерлінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан дәрігерлердің екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы вакцинацияның арқасында көптеген дерттің алдын алуға қол жеткіздік. Бұл вакцинаның да коронавирус инфекциясының қаупін сейілтеріне сенімдімін. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ.