419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашықтан жұмыс істеу: Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі

  • 119
  • UPD: 14:31, 10.02.2021
Қашықтан жұмыс істеу: Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі

Мәжіліс депутаттары еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл заң жобасы депутаттарының бастамасымен жасалды. Пандемия қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру шараларын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты еңбек қатынастарын реттеу маңызды. Заң жобасында уақытша және аралас жұмыс, қызметкерлер мен жұмысберуші арасындағы жұмыс режимдері қаралған. Заң бойынша қорытынды әзірленіп, кей тұстары жетілдіріледі.

Хабар 24 телеарнасы