Талдықорғанда вакцинаның екінші дозасы салынып жатыр

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненті салынып жатыр.

Қазіргі таңда жүзден астам адам екпе алып үлгірді. Олар ауруханалардағы инфекция бөлімінің мамандары, жедел жәрдем мен емхана қызметкерлері. Еңбекшіқазақ, Қарасай, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында вакцинация жүргізіліп жатыр. Екпе салудың алғашқы кезеңінде 1450 адам  вакцина алған. Дәрігерлердің айтуынша, екі рет екпе алғандардың денсаулығы жақсы.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- Бүгінгі таңда кері реакция вакцинацияға болған жоқ. Жалпы қабылдаған адамдардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда 6 мың доза келуі керек. Келесі айда 9 мың доза келуі керек. Бізде кесте планымыз бар. Сол бойынша жұмысымызды атқарып жатырмыз.

Асхат Шарапиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Алматы облысы жасыл аймақта, бірақ эпид ахуал Көксу, Панфилов, Талғар және Талдықорған қаласында әлі өршіп тұр. Бірақ салыстырмалы түрде аурушаңдық төмендеп бара жатыр. 06-дан 04 процентке.