Шымкентте вакцина салатын бекеттер саны артты

Бұған дейін қалада 26 екпе пункті болса, қазір 36-ға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда 9 мың 598 адам ковидқа қарсы вакцина салдырған. Ерікті түрде екпе қабылдайтындар саны да күрт өскені байқалады. Мамандар сәуір айында қалаға тағы 32 мыңға жуық доза жеткізілетінін мәлімдеді. Қазір екпе салатын орындарда қандай да бір дүрбелең байқалмайды. Вакциналау жергілікті емханалардағы тіркеу бойынша тегін.

Гаухар Жамансариева, терапевт:

– Күніне шамамен 60-70 адам келеді. Вакцинациядан кейін, реакция болуы мүмкін. Дене температурасы көтеріліп, ОРВИ-дің жеңіл формасы өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде парацетамол ішеді. Науқас вакцинадан шыққаннан кейін 30 минут күту залында отырады. Отырған кезде реакция берсе, біз алғашқы көмек көрсетеміз.