Вакцинаны ірі сауда орталығында салдыруға қазақстандықтар қалай қарайды?

Енді Қазақстанда вакцинаны емханада ғана емес, сауда-ойын-сауық орталығында да салдыруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы ірі бизнес нысандарының бірінде бүгін азаматтар вакцина алды. Екпені сағат нешеден бастап қабылдауға болады?

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- Сауда, ойын сауық орталығында екпе салу не үшін қажет болды? Бұл алдымен халыққа ыңғайлы. Яғни екпе алу үшлін адамдар енді арнайылап емханаға бармай-ақ сауда ойын сауық орталығына келсе, жол-жөнекей екпесін алып кете алады. Яғни қолайлы. Атап өтейін, вакцина салдыру үшін алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлікпен келсеңіз болды.

Жеке куәлікпен келіп, тіркелесіз. Содан соң кезекпен терепевтің қабылдауына өтесіз. Ол жерде дәрігер 15 минут көлемінде тексереді. Сосын? Сосын екпе салдырасыз. Вакцинадан соң жағдайыңызды бақылау үшін соңында жарты сағаттай мына жерде отыру керек. Жә. Ковид атты кеселден сақтану үшін екпе алуға келгендердің бірі – Сатыбалдиева Лаура. Сауда орталығында осындай жағдай жасалғанына риза. Өйткені...

Лаура Сатыбалдиева, қала тұрғыны:

- Өйткені мына жерде тар емес те. Емханада орын аз. Адамдар басқа да жағдайымен келеді.

Салынып жатқан «Спутник V». Емханада белгілі. Ал, мұндай жерде санитарлық талап қаншалықты сақталады деген сауал туындайды ғой. Қанша дегенмен, медициналық мекеме емес. Мамандар эпидемиологтар бәрін тексеріп, рұқсатын берді, сондықтан алаңдауға негіз жоқ дегенді айтты. Ал, екпе барлық азаматқа салына береді. Тіркеу талап етілмейді.

Сауда ойын сауық орталығында екпені таңғы сағат 10:00-ден түнгі 22:00-ге дейін салдыруға болады. Біріншісін осы жерде алып, басқа жаққа кетіп қалсаңыз, екіншісін де сол жүрген жеріңізден ала аласыз.

Авторлары: Қорған Қонысабайұлы, Арман Ақшабаев

Сондай-ақ...