Ashyq жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандар қатары артты

Қазақстанда Ashyq жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандар қатары артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 31 мамырдан бастап Шымкент пен Түркістан әуежайлары, ал 7 маусымда Ақтау және Қостанай әуежайлары осы қосымшамен жұмыс істеуге міндеттелді. Йога, фитнес, спа-орталықтар, сауна бассейндер, компьютерлік клубтар, кинотеатрлар мен филормониялар мен концерт залдар және тағы да басқа әлеуметтік нысандар Ashyq арқылы жұмысын жүргізе алады. Облысаралық тасымалдар, бильярд клубтары, караоке, көрмелер және лотерея орындары да қосымшаға қосылады.