Екпе салып, смартфон ұтып ал

Алматының Жетісу ауданында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар смартфон ұтып ала алады.

Бағалы сыйлықтар 4 маусымға дейін ойнатылады. Лотереяға вакцинаның алғашқы компонентін алғандар қатысады. Байқау шарттарын аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева өз Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ойын нәтижесі 5 маусымда тікелей эфирде жарияланады. Бағалы сыйлықтарды 21 адам ұтып алады.

Халықты қауіпті вирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыруды көздейтін мұндай шара бұған дейін АҚШ пен Еуропада да жүзеге асқан болатын.