Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркістан-Ташкент бағытында отандық әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақпен жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.