424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан қаласында көлік полицейлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды

  • 138
  • UPD: 22:21, 22.06.2021
Нұр-Сұлтан қаласында көлік полицейлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды

Қазақстан полициясы күнін атап өтуге арналған салтанатты іс-шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған қызметкерлерге арнайы орнатылған «Мәңгілік ұмытылмас есімдер» тақтасына гүл шоқтарын қоюмен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Көліктегі полиция депаратаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Көліктегі полиция депаратаментінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

«Біз Қазақстан полициясының тарихымен, оның дәстүрлерімен, біздің ардагерлеріміздің ерліктерімен мақтанамыз, яғни олар жас буынға теңдессіз білім мен баға жетпес тарихи мұра қалдырды. Біз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған әріптестеріміздің рухы алдында бас иеміз. Олардың ерліктері біз үшін патриотизм мен адалдықтың айнымас  үлгісі болып қала береді», - деді Департамент бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Бұдан соң ол қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жариялады.

«Бүгінгі күні жеке құрам өзінің күнделікті адал еңбегімен және батылдық іс-әрекеттерімен Департаменттің атын шығаруда. Осындай нағыз кәсіби шыңдалған Отанымыздың лайықты қорғаушылары өзгелерге үлгі. Еліміздің көлік полицейлері алдағы уақытта өздерінің барлық күштерін заңдылықты сақтауға, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсайды деп сенемін» - деді полиция полковнигі С.Жоланов. 

Ол әріптестеріне отбастарына амандық, күрделі де жауапты қызметтеріне толағай табыстар тіледі.

Мерекелік іс-шара барысында ІІО ардагерлері де сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты ҚР ІІМ-нің және Департаменттің бұйрықтарымен өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары және қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізгендері үшін 40-тан аса қызметкерге грамоталар мен алғыс хаттар табысталды, оның ішінде  ең үздік жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер және т.б бар. Мысалы, Қуанышкерей Қызылбаев ішкі істер органдарында 12 жылдан аса қызмет етіп келеді. Қуанышкерей Зейденұлы бүгінгі күні Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарады. Кәсіби мереке қарсаңында оған қоғамдық тәртіпті нығайтудағы қосқан үлесі үшін полиция подполковнигі шені мерзімінен бұрын берілді, сөйтіп ол көлік полициясының ең үздік қызметкері деп танылды.

Еске сала кетейік, көлік полициясының құрылған күнінен бері қызметтік міндеттерін орындау кезінде 10-нан аса қызметкер қаза тапқан.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы