Ақтөбелік компания ұжымы вакцина алудан өзі белсенділік танытты

Індетке қарсы екпе алуға ұмтылған ұжым. Ақтөбеде электротехникалық бұйымдарды сату және монтаждау жұмысымен айналысатын компанияда 150 адам еңбек етеді. Соның ішінде 120 қызметкер КОВИД-19-ға қарсы екпенің екі компонентін алған. Нәтижесінде келушілерге емін-еркін қызмет көрсетіп жүр.

Ал бала күтімінен кейін жұмысқа қайта шыққан және ұжымға жаңадан қосылған 30 адам таяу күндері вакцинамен қамтылады. Қазір емханамен келісім жасалған. Серіктестік басшылығы екпе салдыратын әріптестеріне қолайлы жағдай жасайды.

Сергей Вишняк, серіктестік басшысы: 

- Вакцина алуда мәжбүрлеу деген болған емес. Ерікті түрде өтті. Бір жағынан бұл бізді қуантқаны рас. Тіпті кейбірі екпеден кейін ата-анасына, аға-қарындастарына да тиімділігін айтып, олардың да дерттен сақ болуларын ескерткен екен. Ал өткен жылдың жаз мезгілінде біздің ұжымның шамамен 40 проценті сырқаттанған еді.