Қазақстандық бойжеткенді зорлады деген күдікті неден қайтыс болды

Қазақстандық Әсел Айтбаеваны зорлады деген күдікті Бесик Тордуа бас миының инфарктынан қайтыс болған деген болжам айтылып жатыр.

Бұл туралы Грузияның арнайы пенитенциарлы қызметі мәлімдеді, деп жазады sputnik-georgia.ru

Қызметтің хабарлауынша, 2021 жылдың 28 мамырында аталған ауруханаға түскен айыпталушы медициналық тексерістен өтіп, оған артериалды гипертензия деген диагноз қойылған.  Осыған байланысты ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болған.

Ал 30 маусымда Тордуа басының қатты ауырып тұрғанын, бұған дейін есінен танып қалғанын айтып шағымданған. Оның тілі күрмеліп, қан қысымы жоғарылаған.

Миына қан құйылды делінген Тордуа жедел жәрдем көлігімен азаматтық клиникаға жеткізілген.

Бас миына жасалған компьютерлік томографиядан соң диагноз қойылды: бас миының инфаркты.

Науқастың жағдайы 2021 жылдың 14 шілдесінде күрт нашарлап, жүрек ырғағының бұзылуы байқалған, көп ұзамай ол жүрек жұмысының тоқтауына әкелген.

 

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Ана зары: Қызымды күйеу балам өлтіріп кетті

Ә.Айтбаеваның өлімі: күдікке ілінген Мұрат Мейірбеков ұсталды

Ә.Айтбаеваны зорлау ісі бойынша қазақстандыққа айып тағылды

Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: күдікті 8-ден 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Әсел Айтбаеваның өлімі: күдіктіге қатысты сот санкциясы шықты

Ә.Айтбаеваның ісі: қазақстандық тергеушілер дәлел іздеп жатыр

Әсел Айтбаеваның ісі бойынша Грузияға жедел тергеу тобы жіберілді

Бесик Тордуаның адвокаты: Дені сау болып, бір апта ішінде ажал құшты