Қызылордада есептегі азаматтардың жүріс-тұрысы биотерминал арқылы бақыланады

Қызылордада пробация есебінде тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында биотерминалдар орнатылып жатыр.

Бұл құрылғы сотталғандардың саусақ таңбасы арқылы бет-әлпетінің геометриясын автоматты түрде танып, қандай бап бойынша жаза тағайындалғаны туралы толық ақпарат бере алады. Бұған дейін шартты түрде жазасын өтеушілер ай сайынғы тіркеуге келгенде сағаттап кезек күтетін болса қазір олардың уақытын үнемдеуге жағдай жасалды. Биотерминал пробация қызметкерлерінің де жұмысын жеңілдетіп отыр. Ең бастысы, қос тарап арасында көлеңкелі келісімдер жасалмай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігі мол, дейді мамандар. Қазір Сырдария, Қармақшы аудандық пробация қызметіне орнатылған биотерминалдардың жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, электронды тіркеу басталып кетті.    

Шәймерден Есенкелдиев, облыс бойынша ҚАЖД бастығы:

- Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне облыс әкімі және облыстық прокуратураның қолдауымен қалалық және аудандық пробацияларға 11 биотерминал орнатылды. Қоныс колониясынан қай уақытта шығатыны, қай уақытта келетіні барлығы сол биотерминалға енгізіліп отыратын болады.