Ғарышта кино түсіріледі: Байқоңырдан әлемдегі алғашқы «киноэкипаж» ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан әлемдегі ең алғашқы «киноэкипаж» ұшырылды.

Халықаралық ғарыш стансасына дейінгі ұшу шамамен 3 жарым сағатқа созылуы тиіс. Зымыран-тасығыштың «Рассвет» модулімен түйісуі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:12-ге жоспарланған.

Кеме бортында ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар. Олар әлемде бірінші болып ғарышта көркем фильм түсіруді жоспарлап отыр. Туынды ғарышкердің өмірін құтқару үшін орбитаға аттанған дәрігер әйелдің оқиғасы туралы баяндайды. Актриса мен режиссер мамырдан бастап арнайы орталықта дайындықтан өткен. Олардың түсірілім жұмыстары 12 тәулікке созылуы тиіс. Ал бірге ұшқан ғарышкер Антон ШкАплеровтың миссиясы 174 күнге, яғни келесі жылдың көктеміне дейін жалғасады.