Нұр-Сұлтанда Р.Қошқарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының аралығы уақытша жабылады  

 

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби даңғылының жүру бөлігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады Хабар 24 қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әл-Фараби даңғылының жүріс бөлігін кеңейту шеңберінде Р.Қошқарбаев даңғылы мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан көлік айрығынан Иманақ көшесіне дейінгі учаскеде (Железнодорожный ТМ) темір жолдарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 25-28 қазан аралығында көрсетілген учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында