Өскеменнің кейбір шағын аудандарын қыс ортасында су алуы мүмкін

Өскеменде кейбір шеткі шағын аудандарды қыс ортасында су алуы мүмкін. Әсіресе, Ертіс пен Үлбіге жақын елді-мекен тұрғындарына қауіп төнеді. Себебі қатты аязда қызыл су мұз бетіне шығады. Ал ұсақ арық-атыздарды қоқыс басып қалған. Сондықтан биыл қала әкімдігі су ағарларды тазалауды биыл күзден бастады.

Су жайылу қаупі бар 4 аумақ анықталды. Сол аумақтардағы ескі каналдар тазаланып жатыр. Жылда көктемде қар суынан қауіп төнетін Ахмер ауылының сыртынан 500, ал Шығыс ауылы тұсынан бір шақырымдық тереңдігі 2-3 метр болатын канал қазылып жатыр.

Қаныш Мұқажанов, қала әкімдігінің бас инспекторы:

– Қала бойынша 30 шақырымдай арықтар бар. Одан кейін 25 шақырымдай бұлақтар өтеді. Қала аумағы арқылы. Үлкен қазуға байланысты тағы да қосымша жылына орта есеппен 30 миллиондай ақша бөленеді.

Сондай-ақ...