Әлихан Бөкейханов ауданынан екенімізді мақтан тұтамыз – Бұрынғы Октябрь ауданының жұрты

Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы енді ресми түрде Алаш қайраткері, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан ауданы деп аталатын болады.

Осыдан біраз уақыт бұрын қоғамдық тыңдалымда халық тарапынан бір ауыздан қабылданған шараның құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталып, облыстық мәслихат қолдады. Іргесі 1938 жылы қаланған аудан 1961 жылға дейін «Сталин» деп аталды. Содан кейін ол Октябрь деп қайта аталған. Оның құрамына Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау станциясы кіреді. Халық саны 280 мыңға жуық адам.

Темірғали Көкетай, ғалым:

- Әлихан Бөкейханов аты енді мәңгіге қалады. Бүкіл бала-шағамыз осы ауданнанбыз деп мақтанатын болады. Бүкіл қазақ халқы, Қарағанды халқы мен аудан халқы көкірегін кернеп қуанып жатырмыз.