Еуропалық комиссия Шенген аймағын реформалауға ниетті

Еуропалық комиссия шенген аймағын реформалауға ниетті.

Осылайша одақ басшылары Шенген келісіміндегі қауіпсіздіктің жаңа механизмін құрмақ. Бұған коронавирус пандемиясы мен аймақта ушыққан миграциялық дағдарыс басты себеп болып отыр. Еуропалық комиссияның ұсынысы бойынша аймақтағы бақылау-өткізу бекеттерінің санын қысқартып, Еуроодақтың сыртқы шекарасын бақылауды күшейтуге шақырады. Сонымен қатар жоспарда саяси баспана беру мәселесіне де қатысты қатаң ережелер енгізілмек.