434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстаннан келген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді

  • 104
  • UPD: 11:29, 24.12.2021
Ауғанстаннан келген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында қазақстандық ЖОО-да оқитын ауған студенттері халықаралық көші-қон ұйымына (БҰҰ Қазақстандағы көші-қон агенттігі) көмек сұрады.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым GFFO (German Federal Foreign Office) қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетімен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Ауғанстан азаматтарына көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізді.

Гуманитарлық көмек аясында 200-ден астам ауған студенттері қаржылық және консультациялық-құқықтық қолдау алды. Бүгінгі таңда акция Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілді.

«Көші-қон қызметі комитеті еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын Ауғанстанның 155 азаматына оқу визаларын берді және ұзартты. Көші-қон қызметі комитеті тарапынан ұйымдастырушылық рөл көрсетілді. Халықаралық көші-қон ұйымы тарапынан тиісті қаржылық көмек көрсетілді», - деп атап өтті полиция полковнигі, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Тілеубек Тахтанов.

«Қазір біздің отбасыларымыздан ақша алу мүмкіндігіміз жоқ, өйткені елдегі банк жүйесі әлі жұмыс істемейді. Ешкім ақша жібере немесе аудара алмайды, сондықтан бізге БҰҰ - ның көші-қон жөніндегі агенттігі сияқты ұйымдарға сұрау салуды ұсынды», - деп гуманитарлық көмек алушылардың бірі болған Нұр-сұлтан қаласынан келген ауған студенті Мұхаммед Кабир Ехсан бөлісті.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының рөлін атқаратын Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта (АҚЖҰО) атап өткендей, барлық студенттерге заңдық, құқықтық және консультациялық қолдау көрсетілді. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі олардың ҚР-да болуының құқықтық мәртебесін заңдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

«Әлемдік қауымдастық адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, әсіресе, ішкі саяси және экономикалық оқиғалар аясында қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан елдерде ерекше көңіл бөледі. Әрбір мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған мигранттарға қатысты қабылдай алатын қолдау шараларының пакетін дербес айқындайды. Акцияның негізгі бағыттарының бірі білім алуды жалғастыру үшін Ауғанстаннан келген азаматтардың Қазақстанда болуының құқықтық мәртебесін заңдастыру болып табылады, бұл олардың көпшілігі үшін құқықтық себептер бойынша ғана емес, тілдік кедергілерге байланысты да күрделі болып табылады. Олардың барлығы бұл жағдайға өз еріктерімен емес, оларға деген адамгершілік көзқарасының көрінісі – мемлекеттің міндеті ғана емес, ең алдымен біздің ортақ адами борышымыз», - деп қорытындылады ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

 

Хабар 24 телеарнасы