Mega Silk Way Гарри Поттердің сиқырлы әлеміне шақырады

Гарри Поттердің сиқырлы әлеміне еніңіз. Елордадағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы балалар мен жасөспірімдерге арналған керемет жаңа жылдық шоу дайындады.

Ұйымдастырушылар бас қаланың тұрғындары мен қонақтарын айтулы шараның куәсі болуға шақырады. Mega Silk Way-ге барған адам тақырыптық квесттер мен ертегі кейіпкерлерінің шеруін тамашалай алады.

Сиқырлы таяқшаның көмегімен ғажайып шындыққа айналады. Mega Silk Way-ге»  келген адам керемет шоудың куәсі болады. Әсіресе алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары һәм балалар Гарри Поттердің сиқырлы әлеміне енеді.

Дина Тұрарқызы  Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының PR менеджері:

– Гарри Поттердегі кейіпкерлер зұлымдықты өзінің мейріміменен жеңеді. Бізге келушілер сиқырлы таяқшалар әзірлеу, болмаса өзінің жеке сиқырлы сөздерін үйрену деген секілді, ертегі кейіпкерлерімен кездесу деген сынды, олардың сахналық қойылымдарын тамашалау, одан бөлек аяз атаға келіп өзінің сыйлығын жасауға болмаса өнерін көрсетіп, аяз атадан сыйлық алуға мүмкіндіктері бар.

Mega Silk Way-дің жаңа жылдық бағдарламасы өте ауқымды. Балалар үшін ерекше анимациялық көріністер әзірленген. Ал, жасөспірімдер 25 түрлі кейіпкердің өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ, қызықты квесттер де болады. Сауда ойын-сауық орталығының барлық аумағын қамтитын қойылымдар мен үлкен шеру ұйымдастыру да жоспарланған.

Азамат Әбелдиев Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының маркетологы:

– Анимациялық бағдарламалар күн сайын 30 желтоқсанға дейін сағат 17:00-де бірінші қабаттағы сахнада өтеді. Шеберлік сабақтары 30-шы желтоқсанда және 3-ші қаңтарда сағат 12:00-ге жоспарланған. Ал квест 29 желтоқсан күні сағат 17:00-де екінші қабатта өтеді.

Mega Silk Way-дегі барлық ойын-сауық тегін болады. Қонақтар тек көңіл көтеріп қана қоймайды. Жұрт тауарларды 30-дан 70 процентке дейін жеңілдікпен ала алады. Мұндай акция Mega Silk Way-де қаңтардың орта тұсына дейін жалғаспақ. 

Қорған Қонысбайұлы, Артур Горшняков