Жалпақ жұрттың көңілінде жақсылыққа үміт басым

Жалпақ жұрттың көңілінде жақсылыққа үміт басым

Жалпақ жұрттың көңілінде қашан да жақсылыққа үміт басым. Сондықтан сабырға келу керек. Жазушы Роза Мұқанова әлем алдындағы жауапкершілігімізді ұмытпай, жастарды ел ішіне бүлік салған арандатушылардың арбауынан сақ болуға шақырды.

Роза Мұқанова, жазушы:

- Бұл жағдайда Мемлекет басшысы жастарға жалаң ұранға, жалаң эмоцияға, артық әрекетке басбұзарлықққа бармауын қадап айтты. Біз бір жағынан ұстазбыз. Студенттеріміз бар. Біз дегенім – халық. Сондықтан халықтың бірлігін, сабырын қалаймыз.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды