Шымкентте тәртіпсіздік жасағандар жауапқа тартылады

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік әрекеттерін жасады деген күдікке 400-ден астам бұзақы ілікті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың 155-не әкімшілік, ал 50-не қылмыстық іс қозғалды. Жедел құрылған штаб өкілдері бұзақылардың жартысына жуығы шаһар тұрғындары екенін айтып отыр. Ал қалғаны республикамыздың өзге өңірлерінен келген азаматтар. Жаңадан қойылған бейнекамералардың мүмкіндігі күдіктілерді ұстауға көп көмек тигізген. Заманауи камералар олардың түр-тұлғасын анықтап, жазбаны жадыға сақтап отырған. Өңірде әлі де антитеррорлық іс-шаралар жалғасып жатыр. Сондықтан төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтап, кешкі сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін қалаға кіріп-шығу шектеледі.

Ералы Жұмаханбетов, қала коменданты:

– Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жағдай қалыпты. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері қала аумағын толығымен бақылауға алды. Заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Қала тұрғындарын коменданттық сағат талаптарын қатаң сақтауға шақырамын және сенім білдіремін.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды