Ақтөбеде енгізілген коменданттық сағат уақыты өзгерді

Енді түнгі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін адамдардың жүріп тұруы мен көлік қозғалысына тыйым салынады.

Бұл туралы облыстың коменданты хабарлады. Ал осы тәртіпті бұзушылардың қатары азаймай отыр. Тек өткен түннің өзінде 89 азамат полиция бөлімдеріне жеткізілсе, оның 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта 3 адамға қатысты қылмыстық кодекстің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру бабы бойынша «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылған. Облыс аумағындағы 10 блок бекетте тәртіп сақшылары мен әскерилер күні-түні қызмет етіп жатыр.

Айдос Құлжанов, облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

– Осы блок бекеттерде облыс аумағынан немесе аудандардан шығып немесе кіріп жатқан автокөліктер және де олардың жолаушылары тексерілуде. Ақтөбе қаласы және облыс аумағында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатырмыз. Облыстағы жағдай полицияның толық бақылауында.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті