10 қаңтардан бастап ақшаны Қазпоштадан алуға болады

Қаңтардың 10-нан, яғни ертеңнен бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады.

Бұл туралы «Қазпошта» акционерлік қоғамы хабарлап отыр. Мамандар қаңтардың 10-нан бастап елдегі барлық бөлімшелер ашылатынын айтады. Бастысы, интернет жұмыс істесе болды. Қазпошта зейнетақы төлемдерін іске асырады. 

Алина Жанқұлова, Қазпошта АҚ департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда банкоматтарға ақша салу жұмысы басталып кетті. Осы ретте 10 қаңтардан бастап Казпошта бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен бірге Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10-қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта бастайды.