Ескірген көлікті жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды

Елде ескірген көліктерді жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды.

Бұл "РОП операторының" активтері мен қызметін мемлекет меншігіне өткізу процедурасымен байланысты. Аталған ақпарат "РОП операторының" ресми сайтында жарияланған. Енді ескі көлікті жою жұмысы экология, геология  және табиғи ресурстар министрлігіне бағынышты "Жасыл даму" акционерлік қоғамына беріледі.

Мемлекеттік оператор "ұйымдастыру жұмыстарын жақын арада қайта бастаймыз" деп отыр. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті утилизациялау алымын қайта қарап, "РОП операторының" жұмысын тоқтатуды тапсырған. Ол бұл жұмыспен шетелдегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет деді.