Карантиннің жеңілдеуіне орай жұрт не деді?

Елдегі карантин талаптарының жеңілдеуі туралы жаңалықты астаналықтар қалай қабылдады?

БЛИЦ:

- Бәрібір маска тағу керек ғой. Маска тақпасақ болмайды. Ауру келеді бәрібір, тұмау болып келеді. Мына торговый центрлерге кіруге болады. Далада болса ашық жүруге болады. Көпшілік жүрген жерде маска таққан дұрыс.

- Әлі 100 пайыз алынып тасталған жоқ. Сондықтан өзіңді-өзің сақтау керек. Сақтана білу керек. әлі де жаңалықтарда көрсетіп жатады ғой. Қалтамда менің әлі бар, сақтанып жүрем.

- Өте жақсы конечно. Проста ертең қайтадан заражение болып не болмаса болды ғой. А так қабылданған шешімдеріне что-то сондай шешім қабылдауға уверень болып тұр ғой значит. Значит бәрі жақсы.

- Оның әртүрлі себептері бар деп ойлаймын. Өйткені қазір қазақстан халқының біраз бөлігі көпшілігі деп айтуға болады. Вакцинация алды ғой. Бір емес бірнешеуі алғандар бар.

- Бетпердені алып тастаған дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазір ауру саны азайып келе жатыр. Жаңа әдістер бар емдеудің сондықтан общее иммунитет үшін бетпердені шешіп иммунитеті болу керек.

- Менің ойым бойынша, негізінде өз адамның еркінде егер ол там қорғанғысы келсе, омикроннан, коронавирустан, меніңше, киген дұрыс сияқты.