Ресейден жұмыс күшінің ағылуы: халық не дейді?

Қазір жұрт неден қауіптенеді? Ресейліктер бізге жаппай ағылатын болса, Қазақстанды басып алады деп қорқады. Әсіресе елдің солтүстігі мен шығыс бөлігі онсыз да қазақыланбай жатқанда бұл бізге ауыр соққы болады деп қауіптенеді. Сосын өзімізге де жұмыс жетпей жатқанда бұларды тықпыштаудың қандай қажеті деп бар деп ой түйетін шығар. Осы тұста өз елімізде қайран болмаған соң, басқа мемлекетке барып, табыс тауып жатқан отандастарымыздың барын білеміз ғой. Десек те біз сөзге тартқан кісілердің дені Қазақстанда қалып еңбек еткісі келеді. 

ШЕТЕЛГЕ БАРЫП ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ТИІМДІ МЕ?

  1. Өз отанымда қалып, өз отанымда қызмет етуді қалаймын. Шетелге барғаннан гөрі, өйткені Қазақстан жері болғаннан кейін әр азамат өзінің мемлекетін құрметтеу керек деп ойлаймын.
  2. Мысалы, жақсы жерге барып, туыс-таныстар Кореяға барып келеді. Сонда 1-2 жыл сосын мұнда келіп, квартира алып жатыр. Сол секілді мысалы, сондай болса онда можно.
  3. Жоқ, әрине жоқ өзіміздің Қазақстанда көптеген жұмыс бар ғой. Мен өзім Қазақстанда туып өстім ба Қазақстанда жұмыс істеймін. Өзімнің айлығым өзіме жетеді.
  4. Мен негізі өз еліме қызмет еткенді жақсы көремін. Шетел маған қызық емес шын айтқан кезде шетелде не істейсің, құр барасың.
  5. Жақсы жұмыс орындар бар, бірақ не все. Ал басқа елдерде зарплата бәрі жақсы беріледі. Средняя зарплата қазір басқа елдерде, біздің ең үлкен зарплатамен бірдей басқа елдерде.
  6. Мен жалпы патриотпын. Өз елімнің жанашырымын. Сондықтан кетпеймін. Бірақ мен андайды қолдаймын, басқа елдерде оқып келіп, Қазақстанға келіп қызмет етуді.
  7. Тастап кеткенде мен кететін едім ия. Бірақ тәжірибе алмасып, өзіме жетерліктей тәжірибе алып, Қазақстанға оралып өз тәжірибемен жаңа жас мамандарға бөлісуші едім.
  8. Шетелге жұмыс істеп келдім. Бір жылдай бұрын Польшада болдым, командировкамен. Өз жеріңе жетпейді бәрібір осы жақта емін-еркін жүргенде.