Нұр-Сұлтанда грек-римнен юниорлар арасындағы халықаралық турнир басталады

Ертең елордада жастар мен жасөспірімдер арасында грек-римнен халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жарысқа 5 мемлекеттің балуандары қатысады. 10 салмақ бойынша сайысатын  жас спортшылардың дайындығы күшті. Бұл заңды да. Өйткені турнир «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының талаптарына сай ұйымдастырылмақ. Жарыс үш күнге созылады. Жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль және қомақты қаражат бұйырады.

Жандос Үшкемпіров, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының директоры:

Бес мемлекет Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өзіміздің мемлекетіміз қатысады. Енді жылдан-жылға, басында айтып кеткендей, жоспарлап отырмыз. Грек-рим емес, еркін күрестен де. Сол кезде 10 мемлекетті қоссақ па деп отырмыз ендігі жылы.