Халықтың мүддесі қорғалуы керек – сауалнама

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Бұл жайында сарапшылар пікірін білдік, ал халық не дейді?

– Референдум өтсе, әрине, қатысамын, өз дауысымды беремін. Халықтың мүддесі қорғалуы керек қой. Әр қазақтың кішкене болса да өз жері болу керек жекеменшік. Квартирада жүрік, жерге қол жетпей жүрген қаншама адам бар? Қолжетімді болу керек деп ойлаймын енді. Халықтың жағдайы, экономикалық жағдайы көтеріліп.

Дінім, тілім, елім дегенде Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп несін қолдаймын. Өйткені ол жер сатылмайды, жергілікті деп жатыр. Бұл заңды егеменді Қазақстанның 30 жылдығынан кейін өзіміздің әскеріміздің 30 жылдығынан кейін қолдап жатқан заңы өте туралы. Мына сендерге келешекке керек.

Жер, енді бізді асырап отырған жер емес пе, жер ана. Байлығымызды пайдаланбасақ, халық көрмесе, қандай маңыз одан? Берілгені дұрыс деп ойлаймын.

Дауыс беруге барамын, себебі бұл әр азаматтың міндеті болып табылады. Оның үстіне халыққа өзіндік бір әсерін тигізсе, пайдасын тигізсе, неге дауыс бермеске деп ойлаймын. Біздің жер болғандықтан, халықтың қолында болу керек деген ойдамын.

Әрине қолдаймын, өйткені әр халықтың ата-бабасынан келе жатқан мұра ғой жер. Әркімнің өз үлесі бар.

– Ол туралы әлі естімедім, бірінші рет естіп тұрмын. 

Мынау біздің еліміздің, жеріміздің болашағы үшін, халық үшін қолдаймыз. Қазіргі заманда біз тек бүгінгі күнімізді ойламау керекпіз, біз болашағымызды ойлау керекпіз.

Жер деген ата-бабамыздан қалған жер ғой. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алған Қарасай бабамыз, Қабанбай аталарымыз 77 жасқа келгенше Қабанбай атамыз аттан түспеген ғой ел жерді қорғап. Сондай жерді неге қорғамасқа, қорғау керек.